×

Бір тәулікте 70-ке жуық өрт болды

52 адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 06.01.2024 | 11:39
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бір тәулікте елімізде 70-ке жуық өрт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте құтқарушылар 145 шығу жасады, оның 68 -і өрттер мен жану оқиғаларына, 77-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 52 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама