×

Алматы әуежайы түрік топ-менеджері Уфук Серттің ұсталуы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Алматы әуежайының баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды

 Халық үні 05.01.2024 | 23:29
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БАҚ пен әлеуметтік желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті – Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары – түрік топ-менеджері Уфук Сертті есірткі ісі бойынша ұстағаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Алайда Алматы әуежайының баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.

«Уфук Серт ұсталған жоқ. Ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметі сонымен бірге қазіргі уақытта «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ тергеу аясында уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын, тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беретінін хабарлады.

Сондай-ақ қызметтік тексеріс те жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама