Тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті құжаты жоқ, құны 808 млн теңге болатын темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша, бұл қаржы 320 млн теңгеден асады. Қазір бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр. Оның нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жария етуге жатпайды.