×

Қостанайлық полицейлер көшеден табылған 3 адамның сүйегіне қатысты түсінік берді

Құқықбұзушылық белгілерінің болмауына байланысты іс тоқтатылды

 Еркеғали Болатұлы 03.01.2024 | 16:00
фото: дереккөз

Қостанайда табылған адам сүйектеріне қатысты іс қысқартылды, деп хабарлады жергілікті «Наш Костанай» басылымына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, былтыр 4 шілдеде жылу желілерін жөндеу кезінде екі адамның сүйегі табылған болатын. 5 шілдеде тағы бір қаңқа табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 14:30-да «ҚЖЭК» МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқанын хабарлаған.

Полиция бөлімі соған байланысты тиісті сараптамалар тағайындады.

Құқықбұзушылық белгілерінің болмауына байланысты іс тоқтатылды. Сараптама табылғандардың жасын анықтай алмады. Олар құбырға жылынып жүрген баспанасы жоқ адамдар болуы мүмкін, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама