×

Еліміздің екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгінде жолдардағы қарды тазалауға 345 техника мен 584 адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 03.01.2024 | 11:55
Фото: kolesa.kz/ Евгений Каримов

2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жетісу облысында 1 учаске:

  • «Үшарал-Достық» – 84-184 шақырым. Көктұма бекеті-Достық бекеті – 100 шақырым.

Қарағанды облысында 1 учаске:

  • «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік – Шығыс айналма жолы» 0-16 шақырым. Пришахтинск ауданы-Новостройка ауданы – 16 шақырым

Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 345 техника мен 584 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама