×

Ақмола облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті

Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ

 Халық үні 30.12.2023 | 08:30
фото: ТЖД

Ерейментау ауданының Қоржынкөл көлінде балықшылардың көлігі жартылай мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

Құтқарушылар дереу оқиға болған жерге барып, арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті шығарып алды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын мұзға шықпауға шақырады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама