×

29 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан  бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел  бұрқасын күтіледі

 Халық үні 29.12.2023 | 07:22
Фото: yandex.ru

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 29 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның барлық аймақтары әлі де Атлант циклонының жырасында және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, тұрақсыз ауа райы күтіледі. 

Жауын-шашын (қар, жаңбыр), солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыс таулы аудандарында – қатты қар жауады. Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, екпінді жел, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Оңтүстік-батыста, Жамбыл облысы таулы аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы асуларында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының  Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарды  30 м/с немесе одан да аса қатты жел соғады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама