×

Алдағы мереке күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 30 желтоқсан – 2024 жылғы 2 қаңтар аралығына ауа райы болжамын жариялады.

 Халық үні 28.12.2023 | 20:45
Фото: Tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 30 желтоқсан – 2024 жылғы 2 қаңтар аралығына ауа райы болжамын жариялады.

«30 желтоқсан – 2 қаңтар аралығында Қазақстанның ауа райын атлантикалық циклондар сериясы және атмосфералық фронттар айқындайтын болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, солтүстік өңірлерде 1-2 қаңтарда қар түрінде болады деп күтілуде. Қазақстан бойынша көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-28 м/с болады деп болжануда», – делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде негізгі фон 5°С аяз-5°С жылы, күндіз 2°С аяз-3°С жылыдан 0-5°С жылыға дейін ауытқиды;
  • солтүстік-батыста түнде 7-12°С аяздан 5°С аяз - 2°С жылыдан, күндіз 0-8°С аяздан 2°С аяз - 5°С жылыға дейін ауытқиды;
  • солтүстікте, орталықта түнде 5-15°С аяздан 5°С аяз - 2°С жылыға дейін, күндіз 2-10°С аяздан 2°С аяз - 3°С жылыға дейін ауытқиды;
  • шығыста түнде 7°С аяз - 2°С жылыдан 5-15°С аязға дейін, күндіз 2°С аяз - 3°С жылыдан 0-5°С аязға дейін ауытқиды;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 0-10°С, таулы аудандарда 10-15°С аяз, күндіз 3°С аяз-5°С жылы, таулы аудандарда 6°С аяз болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама