Президент бірқатар шенеунікті қызметінен босатты

Дәурен Ерболат

Қорғаныс және ІІМ басшыларының орынбасарлары жұмыстан кетті

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеунікті қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен:

  • Қайрат Иматұлы Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан;
  • Ерлан Сапарұлы Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан;
  • Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.