Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеунікті қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысының өкімімен: Қайрат Иматұлы Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан; Ерлан Сапарұлы Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан; Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.