Терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды – ҰҚК
18 жастағы жас жігіттен діни кітаптар тәркіленді
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Тергеу кезінде күдіктіден тұрғылықты жері бойынша діни кітаптар тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін ұсталған адамға заңсыз әрекетпен айналаспау туралы ескертілген. Алайда ол қылмыстық әрекетпен айналыса берген, – деп хабарлады ҰҚК.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
22 желтоқсанда ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кетпек болған жерінде ұстаған болатын.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.