×

Адам өлтіргені үшін сотты болған ер адам террористік топтардың құрамына қосылмақ болған

Ол Алматы әуежайында ұсталды

 Динара Амантай 23.12.2023 | 10:03
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Кеше ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кетпек болған жерінде ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.

Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сондай-ақ, ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінді.

Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама