27 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел, Қазақстанның солтүстік жартысында бұрқасын болады

Фото: Әлихан Сариев

«Қпзгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 27 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстан Республикасының аумағында атланикалық циклон жырасының және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жауын-шашын (қар, жаңбыр), оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел, Қазақстанның солтүстік жартысында бұрқасын болады.

Түнде Қостанайдың солтүстігінде, шығысында, батысында, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса екпінді жел күтіледі.