Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел, Қазақстанның солтүстік жартысында бұрқасын болады
«Қпзгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 27 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстан Республикасының аумағында атланикалық циклон жырасының және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жауын-шашын (қар, жаңбыр), оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел, Қазақстанның солтүстік жартысында бұрқасын болады.
Түнде Қостанайдың солтүстігінде, шығысында, батысында, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса екпінді жел күтіледі.