Басылымдағы материал «Акжолтой туу болсун!» («Ақжолтай ту болсын!») деген тақырыппен шықты
22 желтоқсанда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қол қойған құжат «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды.
Басылымдағы материал «Акжолтой туу болсун!» («Ақжолтай ту болсын!») деген тақырыппен шықты.
Алайда Қырғызстан Министрлер кабинеті «Азаттық» радиосының Қырғыз қызметіне берген мәліметінде тудың техникалық сипаттамасы әлі бекітілмеді деп хабарлады. Онда мемлекеттік рәміздің өлшемі, түсі мен басқа да детальдары бекітілуі керектігі ескертілген.
Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасы Жогоргу Кенешінің депутаттары мемлекеттік туды өзгертуге қатысты заңға дауыс берген болатын. 59 депутат тудағы жаңа өзгерістерді қолдады. Бес депутат өзгертуге қарсы шықты. Сөйтіп, мемлекеттік ту өзгеретін болып шешілді.