Қостанайдың Абай даңғылында қатарынан 10 көлік соқтығысып қалды

Еркеғали Болатұлы

1 адам медициналық мекемеге жеткізілді

фото: Halyq Uni

Қостанайда бірден 10 көлік соқтығысты, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Ірі жол апаты бүгін 11:10 шамасында Абай даңғылындағы «Астықжан» сауда үйінің жанында болған. Соның салдарынан 1 адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға орнында Қостанай қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.