Halyq Uni логотип
×

Студенттердің стипендиясы 20% артады – БҒМ

Жаңа оқу жылында 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі

 Динара Амантай 24.05.2022 | 13:46
Студенттердің стипендиясы 20% артады – БҒМ
Фото: Halyq Uni

Елімізде жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша берілетін стипендияның көлемі артатын болды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді.

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды. Атап айтқанда, бакалавриат 20 пайызға артады, яғни 31 423 теңгеден 36 660 теңгеге өседі. Магистратура бойынша 15% артпақ. 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге өседі. Сонымен қатар докторанттардың да шәкіртақысы 15% көбейеді. Қазір стипендия 172 500 теңге болса, жаңа оқу жылынан бастап 195 000 теңгеге артады, – деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, биыл 133 мың студенттің стипендиясы өседі деп жоспарланып отыр.

Алдымызда студенттерді жазғы сессия күтіп тұр. Оқу орындары жазғы сынақты академиялық адалдық принциптеріне сәйкес өткізуі қажет. Сонымен қатар түлектердің дипломдарын уақытылы табыстаған жөн, – деді вице-министр.

Бұған қоса Қуаныш Ерғалиев ЖОО оқу-әдістемелік құралдары мен нормативтік құжаттарға сай ЖОО-лар жаңа оқу жылына дайындықты 20 тамызға дейін қамтамасыз етуге тиіс екендігін ескертті.

Тағы оқи отырыңыз: «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама