×

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Бұл бағдарламамен шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура, резидентураға түсуге болады.

 Халық үні 24.05.2022 | 01:49
Фото: egemen.kz

Өтініштер 23 мамырдан бастап, биылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Ал тағылымдамадан өтуге құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады. Үміткерлерді барлық бағыт бойынша конкурстық іріктеу 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді.

Осы жылы магистратура мен резидентураға 385, докторантураға 60 стипендия қарастырылып отыр. Мамандықтарға келсек, техникалық салаға кадр даярлау мәселесіне көбірек көңіл бөлінген. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 60 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл – «Инженерлік жүйелер мен желілер», «Авиация және аэроғарыштық техника. Әуе қозғалысын басқару», «Үлкен деректерді талдау», «Жаңа материалдар технологиясы», «Деректер базасын басқару», «Авиациялық техника және технологиялар», «Машина жасау», «Өнеркәсіптік автоматтандыру» және т.б. мамандықтар. Жалпы, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған».

«Болашақ» бағдарламасындағы мамандықтардың тізімі сұранысқа қарай жаңартылған. Орталықтың хабарлауынша, еңбек нарығының үрдістерін талдау негізінде осы жылы тізімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Оның 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұрыннан бар мамандықтарға енгізілген. Жалпы, басым мамандықтар тізімі техникалық мамандықтармен 30%-ға артқан. 

«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссиясы мүшелерімен жеке әңгімелесу және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау. Басым мамандықтардың, ұсынылатын университеттердің және қажетті құжаттардың тізімімен www.bolashak.gov.kz сайтынан толығырақ танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама