×

8 облыстың республикалық маңызы бар жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Автожолдарда 500-ге жуық техника жұмыс істеп жатыр

 Динара Амантай 26.12.2023 | 11:50
Фото: видеодан скриншот

Ауа райының нашарлауына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 47 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

  • Абай облысында – 1 учаске;
  • Ақмола облысында – 11 учаске;
  • Ақтөбе облысында – 4 учаске;
  • Жетісу облысында – 1 учаске;
  • Қарағанды облысында – 2 учаске;
  • Қостанай облысында – 10 учаске;
  • Павлодар облысында – 4 учаске;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 14 учаске.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 477 техника жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама