×

Еліміздің 2 облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 309 техника жұмыс істеп жатыр

 Динара Амантай 25.12.2023 | 11:04
Фото: видеодан скриншот

25 желтоқсанда сағат 11:00-дегі жағдай бойынша 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақмола облысында 1 учаске:

  • Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін;

Павлодар облысында 1 учаске:

  • Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 309 техника жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама