×

Бүгін Димаш Құдайберген 28 жасқа толды

Қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән шырқайды

 Еркеғали Болатұлы 24.05.2022 | 11:49
фото: ашық дереккөз

Бүгін әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген 28 жасқа толды.

Айта кетсек, ол 2014 жылы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

2015 жылы Ыстанбұлда «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестиваліне еліміздің атынан алғаш рет қатысты.

Қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән шырқайды.

Оның әлемдік деңгейде жұлдызы жанған сәт – Қытайдың I am a singer («Мен әншімін») телебайқауының барлық кезеңінен өтіп, 2-орынды жеңіп алғаны еді. Ол жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетті.

Осылайша, бүгінгі туған күн иесі Димаш Құдайберген 2017 жылы Азияның «Грэммиі» саналатын Top Chinese Music Award сыйлығын «Азияның ең танымал әншісі» аталымы бойынша жеңіп алды. Сондай-ақ ол көптеген халықаралық жүлделердің иегері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама