×

Еліміздің 4 облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді

Автожолдарда 167 техника жұмыс істеп жатыр.

 Динара Амантай 23.12.2023 | 09:13
Фото: видеодан скриншот

22 желтоқсан сағат 21.00-дегі жағдай бойынша 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

 Ақмола облысында 7 учаске

  1. «Екатеринбург – Алматы» автожолында 917-1230 шақырым, Жақсы ауылынан Қажымұқан аулына дейінгі аралық — 313 шақырым;
  2. «Қостанай – Әуликөл – Сұрған» автожолында 232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін — 28 шақырым;
  3. «Жезқазған – Петропавл» автожолында 536-552 шақырым, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейінгі аралық — 16 шақырымм;
  4. «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолында — 82 шақырым;
  5. «Көкшетау – Атбасар» автожолында 47-184 шақырым, Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін — 137 шақырым;
  6. «Астана – Қорғалжын» автожолында 19-124 шақырым;
  7. «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолында 37-51 шақырым, Қабанбай батыр аулынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 шақырым;

 Жетісу облысында 1 учаске

 

«Үшарал – Достык» 84-184 шақырым, Көктума бекетінен Достық бекетіне дейнгі аралық  – 100 шақырым.

Қарағанды облысында 1 учаске

«Астана-Қабанбай батыр- Нұра-Теміртау» автожолында 51-101 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Нұра ауылына дейінгі аралық — 50 шақырым.

Қостанай облысында 1 учаске

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 218-232 шақырым, Октябрьское аулынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 шақырым.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (боран, шектеулі көрініс).

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 167 техника жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама