23 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.

Фото: Tengrinews.kz

Қазгидромет ел аумағында 23 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін.

«Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі», — делінген хабарламада.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.