Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.
Қазгидромет ел аумағында 23 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін.
«Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі», — делінген хабарламада.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.