×

Қажылыққа баратын жол қысқарады

«Алматы – Джидда» бағыты бойынша рейс ашылады

 Дастан Жұмабекұлы 22.12.2023 | 17:41
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өткен Қазақстан мен Сауд Арабиясы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысына қатысты.

Пленарлық отырыста Ержан Еркінбаев елдер арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың кеңейгенін атап өтті. Мәселен, келесі жылдан бастап Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында аптасына екі рейс жасайтын «Алматы-Джидда» бағыты бойынша тікелей әуе қатынасы ашылады.

Біз – жергілікті БАҚ өкілдері, инфлюенсерлер және Сауд Арабиясының туристік компаниялары үшін еліміздің туристік әлеуетін көрсету мақсатында ақпараттық тур ұйымдастыруды ұсындық. Бұл – Сауд Арабиясының азаматтарына Қазақстан табиғатының көркем пейзаждарын өз көзімен көруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

Жиын соңында Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев отырыстың барлық қатысушысын 2024 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға шақырды.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама