×

«Қазақстанда әйелдердің біржынысты некеге тұруына рұқсат берілмек»: ақпарат рас па?

Бұл жаңалық әлеуметтік желіде тарады

 Халық үні 21.12.2023 | 20:57
фото: pixabay.com

Қазнетте жаңа әрі таңғаларлық фейк тарап жатыр. Ақпарат авторының айтуынша, Қазақстанда әйелдер арасында неке қиюға рұқсат етіледі. 

Хабарда айтылғандай, тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін әйелдердің біржынысты некеге тұруына жол берілмек. Бұл хабарламаны Instagram-дағы qaznews24 аккаунты таратты.

Дегенмен Stopfake сарапшылары бұл ақпараттың жалған екенін растады.

Профильде оның тек ойдан шығарылған жаңалықтарды шығаратын «сатиралық ақпарат агенттігі» екені және ондағы барлық атау мен оқиғаның жалған екені жазылған. Таралып жатқан хабарламаға сенудің қажеті жоқ, ол – фейк, - деді сарапшылар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама