Түрікменстанда экс-президенттің жылқысына ескерткіш қойылады

Халық үні

Бұл жылқы 2018 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын

Фото: tengrinews.kz

Turkmenportal басылымының хабарлауынша, елдің жаңадан сайланған басшысы Сердар Бердімұхамедов Ашхабадтағы «Ақалтеке ат» кешенінің алдына Ақханның (экс-президенттің жылқысы) мүсінін орнату туралы қаулыға қол қойған. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады, нысан желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.

Ақхан – 25 жыл саясатпен айналысқан Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі баптаған аты. Бұл жылқы 2018 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Бір атап өтерлігі, 2020 жылдың қарашасында Ашхабадта Гурбангулы Бердімұхамедовтің итіне ескерткіш орнатылған еді.