Halyq Uni логотип
×

Семейде 2,7 млрд теңгенің контрафактілік темекісі тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 19.12.2023 | 11:55
Семейде 2,7 млрд теңгенің контрафактілік темекісі тәркіленді
Фото: видеодан скриншот

Семейде 2,7 млрд теңгенің контрафактілік темекісі тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Абай облысы бойынша департаменті полиция департаментімен және ҰҚК Шекара қызметі департаментімен бірлескен операция нәтижесінде сатуға арналған сәйкестендіру құралдарынсыз түрлі маркалы темекіні жеткізудің ірі арнасы тоқтатылған.

Семей қаласының аумағында жүк автокөліктері мен қоймаларды тексеру барысында 77,3 млн қорап контрафактілік темекі табылып, тәркіленді. Олардың нарықтық құны – 2,7 млрд теңге. МКД қорытындысына сәйкес, бюджетке төленуге жататын акциздер сомасы – 1,1 млрд теңге.

Сонымен қатар, бұған дейін Абай облыстық полиция департаментінің ҰҚҚК-мен бірлесіп, 1,1 млрд теңге сомасына контрафактілік темекі тасымалдаудың ұқсас фактісі тоқтатылды. Ол бойынша акциздер құны – 450 млн теңге.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама