Фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңге ұрланды – прокуратура

Дәурен Ерболат

Кінәлілер анықталып жатыр

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда кино түсіруге бөлінген 400 млн теңгеден аса бюджет қаржысының ұрланғаны анықталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

«Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ-ын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңгеден аса қаржының ұрланғаны анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Тексеруді экономикалық департамент жүргізіп жатыр.

Бұған дейін «Қазақфильм» АҚ экс-президентінің жемқорлық күдігіне ілінгені хабарланған еді.