×

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы күндері елімізде жауған қар жаңбырға ұласып, көктайғақ болады

 Халық үні 18.12.2023 | 19:25
Фото: yandex.ru

«Қазгидромет» РМК 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елімізде жауған қар жаңбырға ұласып, көктайғақ болады.

«Қазақстан аумағына Гольфстриммен жылытылатын солтүстік атлантикалық ауа массалары енеді. Соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Келекті солтүстік атлантикалық циклонға байланысты ауа-райы нашарлайды, бұрқасынмен бірге қар жауады, алдымен Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, 21 желтоқсанда күндіз солтүстігінде және орталығында қар жауады, артынша ол жаңбырға ұласып, соңы көктайғаққа әкеледі. Ал термометрлер күндіз 3-8 градус аяздан  2 градус аяз- 3 градус жылыға дейін біртіндеп көтеріледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама