×

«Сал ауруына шалдыққан»: балалар үйінде тәрбиеленген жігіт 25 жылдан кейін анасын тапты

Жігіттің анасы бала 1-ге толғанда балалар үйіне уақытша өткізген

 Халық үні 14.12.2023 | 23:06
Фото: видеодан алынды

27 жастағы Алмат Рақышев туабітті сал ауруына шалдыққан. Жігіттің анасы бала 1-ге толғанда балалар үйіне уақытша өткізген. Алайда кейін ұлын таппай қалған. Ана мен бала арада 25 жыл өткен соң қауышты, деп хабарлады Massaget.kz.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды. 

Өміріме бір пайдасы болып қалар деп ойладым. Бірақ ештеңе өзгермеді. Қақпаған есік қалмады, бірақ ешкім көмектесе алмады, - дейді Алмат. 

Ол тағдырдың айдауымен Риддердегі әлеуметтік қорғау мекемесіне тап болған. «Ата-анамды жалықтырсам, жазғырудан аулақпын», - дейді.

Бала кезден көргім келеді. Бірақ ешкімді көрмедім, ешкім келмеді. Оларды жазғырмаймын. Бегілі бір себептері, қиындықтары болған шығар. Бірақ неге олай болғанын түсінбедім. Ол мені көрген де жоқ, бас тартты. Мен адамдарға сенбеймін, - дейді жігіт.

Алмат ауруына қарамастан қазір жұмыс істеп жүргенін айтты.

«Алдымен ұжымыма рақмет! Кішкентай кезімде барлық қимылды есімде сақтадым. Бастысы – ақыл. Ақылсыз адам ешқашан ештеңе істей алмайды. Жануарлар мен астрономия туралы кітаптар туралы оқығанды ұнатамын», - дейді ол.

Алматтың анасы оны кішкентай кезінде Талдықорғандағы балалар үйіне тастап кеткен. Бағдарламаға Алматпен бірге келген оның ұстазы Сергей Анатольевич Алмат туралы айтты. 

Алмат ШҚО-дағы Риддерге 2019 жылғы 15 тамызда келді. Ол кезде 22 жаста еді. Бұған дейін ол Сарқанда болған. Сол жақтан біздің мекемеге келді, - дейді Сергей Анатольевич. 

Алмат анасын кешіргенін айтты, алайда ол туралы мүлде ештеңе білмейді. Анасы бірде-бір рет келмеген.

Ол әкесін де көргісі келеді. Бар қояр сұрағы – «Неге бұлай болды?». Айтуынша, ол балалар үйінде түрлі қорлық көрген. Тіпті әжетханада қамалғанын еске алды.

Алмат бағдарламаға жүгінгеннен кейін «Астарлы ақиқат» тілшілері оның анасын іздеуге кіріскен. Талдықорғандағы балалар үйінің қызметкерлері Камилла Рақышева есімді әйелдің бала өткізгенін айтқан.

Камилла Рақышеваның айтуынша, ол Жетісу облысындағы балалар үйіне бірнеше рет барып, ұлын таппаған. Баланы сол кездегі жігітінің кесірінен тастап кеткен. Бұрынғы сүйіктісі Камилладан басқа қызбен жүріп, сол қызға үйленген. Дәрігерлер ауру болғаны үшін ұлды балалар үйіне өткізуге кеңес берген. Камилланың құрбысы, жұмысы, қолдайтын ешкімі болмаған соң, баланы тастап кетуге тура келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама