×

Ақмола облысында жолда 18 тонна жұмыртқа тиелген фура жанып кетті

Ешкім зардап шеккен жоқ

 Динара Амантай 14.12.2023 | 17:15
Фото: polisia.kz

Ақмола облысындағы автожолда 18 тонна жұмыртқа тиелген фура жанып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Екатеринбург – Алматы автожолында 18 тонна жұмыртқа тиелген МАN ауыр жүк көлігі сымдардың тұйықталуына байланысты өртеніп кеткен. Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел жұмысының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Алғашқы аяздан бастап Ақмола облысының аумағында күшейтілген нұсқада 81 бекет пен 1 134 патрульдік полиция қызметкері қызмет атқарды. Олар күндіз-түні жолдарда болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қиын жағдайда адамдарға алғашқы көмек көрсетті. Айта кету керек, 8 желтоқсаннан бастап дизель отынын пайдаланған 40 жүк көлігі үшін қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлдері 13 желтоқсанда сағат 01:30-да Астана – Петропавл жолында Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған Volvo автобусында болған Тәжікстанның 31 азаматын эвакуациялады. Оның ішінде 2 бала, 5 әйел және 24 ер адам болған. Қызметкерлер зардап шеккендерді Көкшетау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығының жылыту пунктіне дереу орналастырды. Олардың барлығы ыстық тамақпен және ұйықтайтын жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама