Ол әлемнің үздік теннисшісі атағын да жеңіп алды
Халықаралық теннис федерациясының (WTA) шешімімен поляк спортшысы Ига Свентек 2023 жылдың үздік теннисшісі және Жер шарының теннис ханшайымы деп танылды.
Бұл жүлдеге екінші жыл қатарынан беларусь Арина Соболенко, америкалық Кори Гофф, Джессика Пегула, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина мен чехиялық Маркета Вондроушова да үміткер болды.
Биыл Ига Свентек «Ролан Гаррос» және WTA финалдық турнирлері мен Бейжің, Доха, Штутгарт пен Варшавадағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы атанды.
Жақында ол әлемдегі ең табысы көп 10 спортшының қатарына кірді. Биыл ол 21,9 млн АҚШ долларын тауып (9,9 млн доллар – жарыстардағы сыйақы), рейтингте екінші орыннан көрінді.
Свентектің жасы – 22-де. Ол Рыбакинамен 5 мәрте ойнап, 2 рет жеңіп, 2 рет жеңілген. Бір матчта теннисшілер тең ойнаған.