×

Екі облыста балабақшаларға арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілген

ҚМА-ның алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды

 Динара Амантай 12.12.2023 | 10:41
Фото: azh.kz

ШҚО-да балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілген. Бұл фактілерді Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері еліміздің екі облысында анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәселен, ШҚО-да «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ 1 келі сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден жеткізген. ҚМА өңірлік департаментінің араласуынан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөністердің бағасы 2 еседен астам бағаға (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін) төмендетілді.

Сонымен қатар, СҚО-да жеке кәсіпкер аудандық балабақшаларға көкөніс сату арқылы 50 млн теңгеден астам сомаға бизнес ұйымдастырған. Картоптың 1 келісі 250 теңгеден жеткізілген, ал оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43% арзан (141 теңгеден) болған. Бұл келесі жылы СҚО-да азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама