×

Қазақстандықтар несиеден өз еркімен бас тарта алады: Тоқаев заңға қол қойды

Депутаттардың айтуынша, заңның негізгі мақсаты – Қазақстан азаматтарын кибералаяқтардан қорғау

 Халық үні 11.12.2023 | 22:18
фото: Halyq Uni

Қазақстан президенті ел тұрғындарына «Электронды үкімет» арқылы несиет алу мүмкіндігін бұғаттап, одан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп жазылған хабарламада.

Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микронесиелер алуына жол бермейді.

Бұдан бөлек, дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторлары бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғанын хабарлауға міндеттеледі.

Азаматтар өзінің дербес деректері пайдаланылған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама