Ол салықтар бойынша берешекті өз еркімен төледі
Оралда кәсіпкер 605 млн теңге салық төлеуден жалтарған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті Орал қаласының жеке кәсіпкерлерінің бірінің салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу анықтағандай, 2019-2020 жылдары құрылыспен айналысатын жеке кәсіпкер көрінеу бұрмаланған мәліметтерді салық декларациясына негізсіз енгізіп, қызметтерді сатып алу сомасын асыра көтеріп, 605 млн теңгеден астам сома көлеміндегі салықты төлеуден жалтарған. Өсімпұлды ескере отырып, өндіріп алуға жататын сома 752 млн теңге болды, – делінген ҚМА хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды, себебі кәсіпкер өзінің кінәсін мойындап, салықтар бойынша берешекті өз еркімен төледі.
Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық кодекстің ескертпесінде көзделген.