Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Халық үні

11 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады

Фото: Астана білім басқармасы

Астана қаласы білім басқармасы 11 желтоқсанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлады.

«2023 жылдың 11 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК 11 желтоқсанда Қазақстанда ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейтінін ескертті