×

Израиль әскерлерінің шабуылынан Газа секторында 17,7 мың адам қаза тапқан

Олардың арасында 295 медицина маманы, 84 тілші бар

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2023 | 17:09
фото: steamcommunity.com

Израиль армиясының Газа секторына 7 қазанда бастаған соққысы салдарынан 17 700 адам қаза тапқан. Бұл туралы Анадолы агенттігі Газа Денсаулық министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф аль-Кудраға сілтеме жасап хабарлады.

Ажал құшқандардың арасында 295 медицина маманы, 84 тілші бар. Ашраф аль-Кудраның мәліметінше, палестиналық эксклавта кейінгі тәулікте 213 адам қайтыс болған. Ал жарақат алғандар саны 48 780 адамға жеткен.

Жалпы, Израиль армиясының соққысы 132 медициналық ұйымның ғимаратын зақымдаған. Сол себепті 22 аурухана мен 46 медициналық орталық жұмысын тоқтатқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама