×

Биыл елімізге келген туристер саны 37 пайызға көбейді

Бұл – былтырғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2023 | 10:53
Фото: tolqyn.kz

Биылғы қаңтардан қыркүйек айына дейін елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – былтырғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% артқан. Былтыр елімізге 609,8 мың шетелдік келген, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша, 2023 жылы орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 553 мыңға артып, 5,4 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш – пандемияға дейінгі кезеңмен (2019 жылдың 9 айында 4,1 млн адам) салыстырғанда, 1,3 миллион адамға көп.

ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, соңғы жылдары шетелдік туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы арта бастағаны байқалады. Мәселен, биыл елімізге 800 мыңнан астам шетелдік келген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Бұған еліміздің көрсе көз тоятын табиғи сұлулығы, мәдени бай мұрамыз және қонақжайлығымыз дәлел бола алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама