Астанада Олимпиадаға ұпай беретін халықаралық турнир өтеді

Дастан Жұмабекұлы

Финалдық кезеңнің жеңімпазы Мадридте анықталады

Фото: olympic.kz

Келесі жылдың 27 қаңтарында Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Gold турнирі өтеді.

Olympic.kz-тің хабарлауынша, алтын деңгейлі тур әлемнің 7 қаласында болады. Ал финалдық кезеңнің жеңімпазы 23 ақпанда Испанияның астанасы – Мадрид қаласында анықталады. 

Астанадағы турнирде үздік атанған спортшылар Париж Олимпиадасына ұпай жинап, жеңімпаз атанған атлет Глазго қаласында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

Халықаралық турнирге сырықпен секіруден әлем және Олимпиада чемпионы Арманд Дуплантис те қатысады.