×

Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

Юлия Мясникова дубль авторы атанды

 Дастан Жұмабекұлы 06.12.2023 | 13:47
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы топтық турниріндегі соңғы ойынын өткізді.

«Астана Аренада» өткен матчта Қазақстан құрамасы Армения командасымен кездесті. Ойын есебін 40-минутта Юлия Мясникова ашты. Құрама капитаны айыпдобын дәл орындады. Екінші таймда Аида Гайстенова есепті еселей түсті. Артынша 58-минутта Юлия Мясникова дубль авторы атанды. Бұған Армения құрамасы бір голмен жауап қайтарды. 71-минутта Камила Құлмағамбетова төртінші голды салды.

Қазақстан – Армения – 4:1 (1:0)

Гол: Мясникова 40', 58', Гайстенова 48', Құлмағамбетова 71' – 68' Портнова (а/г)

Қазақстан: Портнова (қ), Низамутдинова, Құлмағамбетова, Гайстенова, Нұрышева, Қаражанова, Берікова, Мясникова (к), Совет, Тұрлыбекова, Власова;

Қосалқы құрам: Хохлова (қ), Хайрулина, Айтымова, Лозукова, Мамырова, Садықова, Ізімбаева, Жұмабайқызы, Бурова, Сатығалиева, Алданазар;

Бас жаттықтырушы: Мадияр Кембілов;

Армения: Арутюнян, Казарян, Даллакян, Чолакян, Пизлова, Артин, Асатрян, Карапетян, Казанчян, Григорян, Гукасян;

Қосалқы құрам: Бабаян (қ), Сардарян (қ), Варданян, Саркисян, Хачатрян, Мартиросян, Костанян, Саядян;

Бас жаттықтырушы: Мариам Степанян.

Төрешілер: Юргита Мачикуните, Ирина Поздеева, Гуосте Йоникайте, Угне Шмитайте (бәрі Литвадан).

Сонымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында 6 матч ойнап, 8 ұпай жинады. «С» тобында үшінші орын алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама