Президент Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Динара Амантай

Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сапар аясында президент облыстың экономикалық даму барысымен және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады.

Сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.