×

Тоқаев Финляндия президентін құттықтады

Фин елі Тәуелсіздік күнін мерекелеп жатыр

 Динара Амантай 06.12.2023 | 09:06
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Финляндия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Саули Ниинистёні және фин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Сіздің еліңіздің гүлденген мемлекет құру, жаһандық бейбітшілікті, климат мәселесін және орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісіндегі орасан зор жетістіктеріне сүйсіне қараймыз. Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі. Сондай-ақ біз энергетика, инвестиция, «жасыл» өсім және басқа да көптеген сала бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз, – делінген жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама