Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды

Халық үні

Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы

Фото: ТАСС/Артем Геодакян

Орал қаласында тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni. 

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпталып, қамауда ұсталып, камерада отырған.

Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы. Нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін анықталады, деп хабарлады ведомстводан.