Президент еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

Динара Амантай

«Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар.

Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын іске асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», – деп жазды президент өзінің Х парақшасына.