Шымкентте үш бала көлік жүксалғышында тұншығып қаза тапты

Қымбат Елтайқызы

Екеуі оқиға орнында көз жұмса, біреуі ауруханада жан тапсырды

фото: ашық дереккөзден

Шымкентте үш бала көлік жүксалғышында тұншығып мерт болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

«19 мамырда Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне үш кішкентай баланың автокөлік жүксалғышында тұншыққаны туралы хабарлама түсті. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына шықты. Анықталғандай, ата-анасы болмаған кезде балалар жүксалғышқа кіріп, есігін жауып алған. Содан кейін қайта шыға алмай, тұншығып қалған. Екеуі оқиға орнында қаза болды. Ал үшінші бала бүгін жансақтау бөлімінде қайтыс болды», – дейді департамент.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.