Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

Динара Амантай

Одан өтуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz іске асырылды.

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бар.