Депутат Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Нұрдәулет Кенжебай

Депутат жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды күдікпен қамауда отыр

фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

«Сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Күдіктіге 2 ай мерзіміне қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 маусымына дейін»,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шыққанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген еді.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.