×

Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр

Оны іздеуге полицейлер, ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды

 Динара Амантай 29.11.2023 | 12:23
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевич 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Белгілері: дене бітімі арық, бойы 160-165 см, көздері көк.

Үстінде: қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак.

Оны іздеуге полицейлер, ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.

Қандай да бір ақпарат білсеңіз, «102» немесе 8771-785-1058 нөмірлеріне қоңырау шалу сұралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама