Еуропарламент Украинаның Еуропа одағына мүшелігін қолдады

Дастан Жұмабекұлы

Жоғарғы раданың спикері Руслан Стефанчук мұны «тарихи оқиға» деп атады

Фото: bb.lv

Еуропа Парламенті Украинаның Еуроодаққа мүшеліктен үміткер атануын қолдады.

Кеше Еуропарламент пен Украина Жоғарғы радасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Украина Жоғарғы радасының спикері Руслан Стефанчук бұл оқиғаны «тарихи оқиға» деп атады. Ал Еуропа Парламентінің жетекшісі Роберта Метсола Ресеймен соғыста және Еуропамен ынтымақтастықты нығайтудағы Украинаның саясатын қолдауды жалғастыру керектігін атап өтті.